Жерлестеріміз белгіленген межеге жетпеді

Мөлдір Әзімбай

Стенд атушы Ангелина Мищук Олимпиада ойындарында 9-орынды қанағат тұтты. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша  Ангелина Мищукқа финалға шығу міндеті жүктелген болатын.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Колос бүгін Алматыдағы Олимпиадалық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп хабарлады.

Ангелина Мищук

 

«Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына стенд атудан Қазақстаннан 1 спортшы ғана қатысты. Ол — Ангелина Мищук. Оған бапкерлер финалға шығып, үздік алтылықтың қатарына ену туралы міндет жүктелген болатын», — дейді С.Колос. Жаттықтырушының айтуынша, кеше іріктеу сынына 18 спортшы қатысқан. Онда шымкенттік А.Мищук 9-орынды еншілегенімен, финалға шыққан 6 спортшының қатарынан көріне алмады.

 

Сондай-ақ, Қазақстандық гимнасшы Мөлдір Әзімбай Олимпиаданың ақтық мәресіне өте алмады. Қазақстандық гимнасшы Мөлдір Әзімбай көпсайыс бойынша бәсеке біліктілігінде 58-ші орынға тұрақтап, ақтық мәреге өте алмады, деп хабарлады Vesti.kz

Мөлдір Әзімбай

Шымкенттің тумасы, 16 жастағы жас спортшы қыз 46,999 балл жинады. Ал бірінші орынды ресейлік Виктория Комова (60,632 балл) еншіледі.