қоғамдық қабылдау

«НұрОтан» партиясы мемлекеттік сатып алуды меншігіне айналдырғандармен күресті күшейтпек. Сондай-ақ, мемлекет қаржысының тиімді пайдалануын қатаң қадағалау қажет. Бұл туралы бүгін партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы жариялады.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, мердігерлердің мардымсыз жұмыстарына арыз-шағым өте көп. Жауапсыз жұмыстың нәтижесінде қарапайым халық жапа шегуде. Сонымен қоса мемлекеттік сатып алудың жүргізілу барысына шағымданып келген азаматтар да бар.

Енді «НұрОтан» партиясының ОҚО филиалының бастамасымен 23-шілде күні облыстық бірыңғай қабылдау күні өтеді.

Иса Тасболатов, «Нұр Отан» ХДП ОҚ филиалы қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Орталық аппараттың тапсырмасымен іс-шара дайындадық. Шілде айының 23-не облыстың барлық аймақтарында бір күндік жаппай қабылдау болады. Оған партия ұйымдарының басшылары, құқық қорғау ұйымдарынң басшылары және үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысады.  Азаматтарға және кәсіпкерлерді, жеке компаниялардың барлығын сол күнге қатысуға шақырамыз. Егерде мемлекеттік сатып алу бойынша қандай да бір өзекті мәселелері болса, шағымданып келулеріне болады».