4-шілде күні жоғалған балалар табылды. Бұл жөнінде тәртіп сақшылары мәлімдеп отыр. Енбекші ауданы бойынша қылмыстық іздестіру шұғыл патрулінің қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған 8 жасар Саят Мыңбай мен 10 жасар Бағдат Жұмат 5- шілде күні кешкісін табылған.

Жоғалған балалар 4-шілде күні көшеге ойнауға шыққан. Балалар Орынбай ақын көшесінде орналасқан №97 үйде тұрады екен. Ал жеткіншектерді ата-аналары кешкі сағат 9-дар шамасында шарқ ұрып іздей бастаған. Олар жақын маңдағы аулаларды қараған. Алайда, ешқандай нәтиже болмаған соң, тез арада тәртіп сақшыларына хабар береді. Бірақ жоғалған балаларды көрдім білдім дегендер табыла қоймаған. Аналарының айтуынша, бұрын кішкентай балалар үйден қашпаған екен.

Полиция қызметкерлерінің берген мәліметіне сәйкес балалар темір өткізіп, оның ақшасына ойын клубтарына барған. Ойынхана қызметкерлерін балалардың бейхам жүргендері алаңдатпаса керек.

Белгілі болғанындай Саят, Бағдатпен бірге жасы үлкен балалар да болған. Қазір тәртіп сақшылары олардың кім екендігін анықтау үстінде.