Қауыннан келер қауіп бар. Қала көшелерінде ретсіз сауда қатарындағы маусымдық бау-бақша өнімдеріндегі улы нитраттардың нормасы шамадан асып кеткен. Мұны арнайы мамандар емес, қалалық мәслихат депутаттары анықтады. Қолдарына құрал ұстаған халық қалаулылары қала көшелерін аралады.

Бәйдібек би даңғылының жағалауын сауда орынына айналдырғандар өздерінің әрекеттерін заңсыз деп санамайды. Қит етсең бала-шаға бағу тауқыметін тілге тиек етеді. Бұл маусымдық сауданы кәсіп еткендердің бәріне тән қасиет екендігіне бүгін қалалық мәслихат депутатары кезекті рет көз жеткізді. Әрине кәсіпкерліке қолдау жасау қажет-ақ дегенімен тап мына саудагерлерді кәсіпкер деп айту қиын.

Қолдарында сауда жасауға берілген рұқсаттың жоқтығын айпағанда, тіпті өнімдерінің сапалылығын растайтын зертханалық сараптаманың қортындысы да жоқ болып шықты. Нәтежесінде қарбыз, қауындағы улы нитраттың көлемі бірнеше есеге артық. Оны депутаттар арнайы қондырғымен анықтады.

Міне тап осындай сапасыз өнімнің салдарынан өткір ішек ауруына шалдықандардың саны көбейген. Соңғы кезде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілетін 100 науқастың 20\30 пайызы осы дертке шалдықандар. Көше аралаудың қортындысын ертеңгі сессияның күн тәртібіне енгізбек депутатар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SLYvZ1OAWM4[/youtube]