Мүгедек болса да, өнері ғажап

Қолдауға келген қонақтар

Мүмкіндігі шектеулі жандардың бірлескен алғашқы жұмыстары.

Қаламыздағы Жастар орталығында мүмкіндігі шектеулі, барақ талантты суретшілердің алғаш рет бірлескен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жас қылқалам шеберлері мен тәжірибелі суретшілердің туындылары ұсынылды. Аталған шараға арбаға таңылған, немесе сөйлеу кемістігі мен көз жанары нашар көретін жандар  қиялынан шыққан дүниелерін паш етті.

Соның бірі 28 жасар ең жас суретші Анна Цой. Анна үш жасында сөйлеу қабілетінен айырылған. Содан бері қолына қаламын алып, көңіліндегісін қағаз бетіне шимақтап түсіре бастапты. Ал анасы үнемі оның қасынан табылып, әр қадамына қолдау жасайды.  Ару жануарлар мен сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін, табиғат көрінісін салуды жақсы көреді екен. Әсіресе он төрт жасынан бастап, өзі шомылатын «Қошқар ата» өзенін де бейнелеген.  Оның сурет салудағы шеберлігі мен шығармашылығына қызығушылық танытқандар арнайы тапсырыс та береді. Көңіл-күйі болмаған жағдайда жалғыз қаламы жанына жұбаныш бола алады.  Арманы сүйікті ісінің шебері атану. 

Көрмеге 50-ге жуық шығарма қойылған. Ұйымдастырушы «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестік ұжымының айтуынша, бұл жандардың өзге галереяда жұмыстарын көрсетуге мүкіндігі жоқ. Ал мұндай шаралар  азаматтардың тәжірибе алмасуы үшін де үлкен мүмкіндік болмақ.

Жаны жарылы болса да, жасаған дүниелері жанды. Тіпті, өзгелерге ұлгі боларлықтай.  Сондықтан да болар, олардың өнерін тамашалаған қонактардың қатары қалың болды. Сурет көрмесі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өйткені өзге мекемелер мен қалаларда шара жалғасын табады.