Мақтаралдықтар күн көзінен энергия алуды қолға алмақ

228

Мақтаралдықтар күн көзінен энергия алуды — дамудың даңғыл жолы деп біледі. Осы әдіс арқылы ауданның да облыстың да көсегесін көгертіп, өрісін кеңейтпек. Осыған дейін де түрлі тәжірибе мен сынақ алаңына айналған аудан бұл күндері жақсы көрсеткіштерге ие. Дегенмен, кемшіліктері де жоқ емес. 

Алты айдың қорытындысы бойынша Мақтарал облыс қазынасына қыруар қаражат түсіріп, даму жоспарын 100,5 пайызға орындаған. Бас шайқатар жетістік. Есесіне, игерілмей қалған қаржылары да жетіп артылады. Мәселен, жергілікті бюджетте «недоинка» деген ен таққан бірнеше млн. теңге жұмсалмай жатыр.

Ал Мақтаралдықтардар таза ауыз су бағдарламасының шапағатын үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап көретін болды. Тіпті 24 сағат үздіксіз таза суға қарық болмақ. Бірақ, құдық суын құндыға балап жүрген жамағат та бар. Мәселен, ауданның 8 бірдей елдімекені таза ауыз суды армандап келеді. Арманды орындайтын жергілікті әкімдік. Облыстың қазынасынан бөлінген қаржыға амал-әрекет жасалып жатқанға ұқсайды. Бірақ, әрекеттерінен берекет келер емес.

Талай жылдан бері тәжірибе алаңына айналған аудан күн көзінен энергия алу мәселесін әлі де жалғастырмақ ниетте екен. Себебі өнеркәсібі мол аумаққа аталған жоба өте тиімді болмақ. Күн сәулесінен нәр алудан бөлек, қыруар қаражатты үнемдеуге де болады дейді аудан басшысы. Талайдан бері айтылып жүрген тың әрекеттің қашан жүзеге асары белгісіз. Бірақ,алда одан да күрделі мәселе тұр. Ол-ауылдарға интернет желісін ендіру. Сөйтіп, білім беру сапасын арттырып, көрсеткіштерді жақсарту. Мәселен,математика мен орыс тілі пәндерін жетік меңгертіп, ұятты көрсеткішті жақсарту.

Тобықтай түйін-кемшіліктер де қатаң сынға алынды. Алдағы көп міндеттер айқындалды. Ендігі мақсат — бірігіп, ауызбіршілікпен еңбек ету. Жүздесу барысында көпшілік тоқтаған түйін осы болды.