Шымкенттегі «Дельфин» аквапаркінде шіліңгір шілдеде сергіп, демалу үшін барлық жағдай жасалған. «Отырар» телеарнасының қызметкерлері төл мерекесіне орай, жексенбі күні пайдалы демалыс ұйымдастырды.
Аптап ыстық… Салқын су… Көңілді достар… нағыз демалу деген осы болар?! Қолына қалам ұстаған журналистер бүгін еселі еңбек ету үшін де жан мен тән сергектігіне ден қоюда.
Ернар Балабеков, «Отырар» ТА-ның журналисі: «Бір күн жұмыстан қол үзіп, сергіп, демалуға келдік. Отбасымызбен жақсы демалып жатырмыз. Үлкен рахмет басшылыққа».
Аптап ыстықта қаланың қақ ортасында орналасқан «Дельфин» аквасаябағында жанға жайлы хауызда демалған отырарлықтардың көңіл-күйі көтеріңкі.
Демала білу де мәдениеттің бір белгісі. Ұлылар ұғындырып кеткен осы бір қанатты сөзінің өміршеңдігіне «дельфиндегілердің» тамаша демалысы дәлел. Сіз де келіп тынығып қайтыңыз. Бұл сәттер қайталанбайды!