Шөліңді басатын су

Шөліңді кәдімгі шәй басады деп көбіміз сүт қатқан немесе қызыл шайды сораптап ішуден кетәрі емеспіз. Алайда мамандар кәдімгі шәйдің де денсаулығымызға зиян екендігін дәлелдеп отыр. Мысалы шәй — сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылықтары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады. Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар.Сонда қандай сусын денсаулығымызға пайдалы әрі шөлімізді басады.

Муталиева Гүлдана, дәрігер-диетолог: «Қазіргі таңда сусындарды дұрыстап таңдаған дұрыс. Ең бастысы газдалмаған болу керек. Өйткені газдалған, немесе түстері әртүрлі сулар денсаулыққа өте зиян. Түрлі түсті сусындарға бояу қосылса, ал газдалған сусынның асқазанға кері әсерін тигізеді. Ал балаларға қораптардағы шырындарды алып беруге үзілді кесілді қарсымыз. Өйткені мынадай ыстық күнде шырынның құрамы бұзылуы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер. Баубақшамызда жемістер самсап пісіп тұр. Алмаларды қақтап кампот жасап берген өте пайдалы. Кейде қарбыздары тоңазытқышқа салқындатып қойып жегенге құмармыз. Ал оның да өз кезегінде зияны көп. Көшеде кез келген жерден самса, бәліштерді ыстық күнде сатып алып жемеңіз. Негізінде салқындатылған кәдімгі бидай, жүгері көжелер нағыз шөліңізді басатын сусындар болып табылады».