Шымкентте қарттарды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

186

Абай болыңыз алаяқ! Шымкентте қарттарды тақырға отырғызып келген алаяқ әйел анықталды.

Оның әдісі де ерекше. Жуық арада ұлттық валюта ауысады, бар ақшаларыңызды беріңіздер деп 70-80 жас аралығындағы қариялардың тиын тебеніне дейін қағып алған. Оңай жолмен ақша тауып жүрген әйел Абай ауданында айласын асырып келіпті.

Әзірге оның жарты млн. теңгені қалтаға басқаны анықталып отыр. Бірақ алаяқты табу мүмкін болмай отыр. Қазір оның фотороботы жасалды. Ал полицейлер зардап шегушілер саны көп болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Бұдан бөлек алаяқтыққа барған әйел де жалғыз болмауы мүмкін.