Суға шомылғанда абай болыңыз

266
суға кеткен азаматты құтқару мүмкін болмаған

Қазақстанда шомылу барысында суға кеткендер азаймай отыр. Әсіресе, демалыс күндері көп өңірлерде өзендер мен көлдерде суға батқандар саны артуда.

Шілденің 1-і күні Арыс ауданына балық аулауға барған 16 жасар жігіт суға батып көз жұмды. Оның мәйітін сүңгуірлер тапты. Ауды шығарамын деген жас жігіт, торға өзі шармалып калған.

Ал Сарыағаш ауданында да оқыс оқиға болды. Ханым каналына 7 жасар бала батып кеткен. Судан құтқарушылар оның денесін іздестіріп жатыр. Суда шомылғанда абай болыныздар.