Бүгін облыста тағы бір денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне берілді. Сайрам ауданының Тассай елді мекенінде бой көтерген «Экофарм Интернейшнл» ЖШС-нің әлеуеті зор.
Зауыттың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов кәсіпорынның алғашқы қадамына сәттілік тіледі. Заманауи техникамен жабдықталған кәсіпорын ТМД-да теңдессіз екен.
Компания президенті Нұрмахан Таласовтың айтуынша, зауыт Оңтүстік Корея технологиясының негізінде салынған. Бір қуанарлығы, жаңа мекеме 120 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Зауыт жылына 15 млн. стерильді ине мен 70 млн. вакуумды сынауықтар шығарады. Ал өнімін тек елімізге ғана емес, шетелге де жөнелту жоспарланған.