Тассайдағы өрттің себебі анықталды

356

Тассайдағы газ сақтау қоймасындағы өрт оқшауланды.

«Сағат 11:03-те Шымкент қаласындағы Жібек Жолы көшесі, 1 мекен-жайы бойынша газ сақтау қоймасының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. 3-шақыру бойынша жарылыс қаупіне байланысты күштер мен құралдар жіберілді.

«Мұраз» ЖМҚС аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 200 текше метрлі 2 бос газ сақтау цистернасы бар, бір цистерна ашық отқа оранған, екіншісі қоршауға алынған. Сондай-ақ, жанар-жағармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 7 шаршы метрлі автоцистерна және 50 текше метрлік 2 автоцистерна жарылды», – деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Басқарманың мәліметінше, мекеменің қызметкері – ​​1999 жылғы азамат күйіп қалған, оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді. Өрт 12:21-де оқшауланды.

Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника және 90 қызметкер жұмылдырылды.