Шымкентте 31 жастағы әйел өзін өзі өртеп жіберді

246
фото ктк

Шымкентте денесінің 80 пайызын күйік шалған 1988 жылы туылған әйел ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Тассайдағы Юсуф Сареми көшесінің 31 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібеген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел үстіне жанармай құйып, өзін өзі өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.