Бүгінде өнер сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленіп жүрген «Жігіттер» квартетінің репертуарлары бірнеше әндермен бейнеклиптермен толыққан. Ал жақында өнерлі ұжым қасиетті рамазан айы қарсаңында «Ана туралы» жаңа әнге бейнеклип түсіруді бастамақ. Қазір жаңа бейнебаянның сюжеттік желісі ойластыруда екен.
Ерғали Әбдіраймов, «Жігіттер» квартетінің продюсері: «Қазір жігіттердің ішінде Мырзахан ғана денсаулығына байланысты аузын бекіте алмады. Қалғандары мұсылман алдындағы парыздарын өтеп жатыр. Гастрольдік сапарларымызды уақытша тоқтаттық. Тек бірер күнде «ана» туралы әнге бейнеклип түсірмек ниеттеміз. Ал тойларға келер болсақ. Қазір олда тоқтады. Енді оразадан кейін басталар деген үмітіміз бар. Жігіттер барлық уақыттарын жаңа әндер жаздырып, оларды өндеуге жұмсауда».
Ал «Жігіттер» продюсерлік орталығының жұмысына келер болсақ. барлығы қарқынды түрде жүрып жатыр. Әншілерді әліде қабылдап жүтірп жатыр екен. Бүгінде олар тіпті Еркін Нұржановпен де бірге бастамалар жасауда. Ал концерттік кештер күз мезгілінің екінші айына жоспарланған.