«Елес» тобында өзгерістер орын алмақ

Елес тобы

Өнерге келгендеріне 3 жыл болған Шымкенттік «Елес» тобынан Динара есімді әнші кетпек. Бұған өзіндік себеп бар дейді аталған топтың продюсері Марат Шадманов. Динара тұрмысқа шықпақ.

Алғаш рет «Бір болайық» әнімен танылған «Елес» тобының репертуарларында бүгінде бірнеше әндер бар. Алдағы уақытта топ құрамын жаңартып, ән қоржындарын толықтырып, өнер ордасы Алматы қаласына жол тарпақ.