Жігіттер квартеті «Ана» жайында бейне клип түсірмек

Жігіттер квартеті

«Жігіттер» квартеті бірер күнде әні мен сөзін Бауыржан Есебаев жазған «Ана» атты әнге бейне клип түсірмек ниетте. Қазір аталған жаңа туындының жігіттер сюжеттік желісін ойластыруда. Осыдан бірнеше күн бұрын аталған топтың «Кешір жаным» атты әніне түсірілген бейне клиптері жарыққа шыққан болатын.

Ерғали Әбдіраймов, «Жігіттер» квартетінің продюсері: «Біз ана жайындағы бейне клипті мерекеден кейін шығарғанды жөн санадық. Өйткені, нәзік жандыларымызға тек мереке күні ғана емес, басқа күндері де ерекше назар керек. Әр күндерін олар үшін шаттықа бөлеу біздің қолымызда. Қазір біз жаңа туындыны жарыққа шығару мақсатында қарқынды түрде жұмыстар жасап жатырмыз. Тағы да айта өтетін бір жәйт «Жігіттер» тобы Қазақстандық әншілер арасында ең көп ән жазатын өнерлі ұжым деп айтсақта болады. Өйткені, қашанда ізденісте жүретін әнші жігіттеріміз әндерді өте көп шығарады. Ендігі біздің жоспарымыз концерттік кештерге дайындалу. Өйткені, алдағы көктем мезгілінде гастрольдік сапармен біз Қазақстанның бірнеше қалаларын аралайтын боламыз.

Бүгінде Ерғали Әбдіраймовтың басқаруындағы продюсерлік орталықта бірнеше әнші өнер көрсетеді. Олардың арасында «Жалын» тобы, Асқар Жүнісбеков, Жігіттер квартеті сынды өнер жұлдыздары бар. Қазір аталған орталық осы әншілердің шығармашылықтарымен қарқынды түрде айналысуда екен. Егер сәтін салса, аталған орталық халық алдында есеп беру кешін де өткізуді жоспарлап жүргенге ұқсайды. Қазір осы мақсатта дайындық жұмыстары жүргізілуде екен.