Қытайлықтар Сырымға бейне баян түсіріп бермекші

Сырым Исабаев

Жақында Сырым Исабаевтың орындауындағы «Алдадың» атты жаңа әнге түсірілген бейнебаян жарыққа шыққан болатын. Алайда бейне баянның сюжеттік желісі көпшіліктің көңілінен шықпады. Бірақ оған қарамастан бейнебаян қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болып, алғашқы орындардан көрініп отыр.

— Сырым жақында «Алдадың» атты әніңе түсірілген бейнебаян жарыққа шықты. Алайда көрермендердің көңілін дөп баса алмаған сияқты. Бұған не айтар едің?
— Ия, рас оны өзімде естідім. Бұл бейнебаянның сюжеттік желісі өмірден алынған оқиға. Қазір көптеген қазақтың қаракөз қыздары қалтасы қалың азаматтармен қол ұстасып, шетел асып жатыр. Оны өз көзімізбен көріп жүрміз ғой. Бұл бейнебаяндағы оқиға жас қыздарға сабақ болсын деген ойым ғой.

— Үйлену оңай, үй болу қиын деп жатады. Ал отбасылық өмірің қалай өтуде?
— Ия, Аллаға шүкір мен өзімді бақыттымын деп айта аламын. Айгерім есімді жарым менің көңілімнен шығады. Бір-бірімізді түсінісіп, отбасылық өмірді көріп келеміз.

— Шығармашылығыңда басқа қандай жаңалықтар орын алып жатыр?
— Егер сәтін салса, Алматы қаласында алғаш рет жеке шығармашылық кешімді берсем деймін. Бұл кешімнің өзгелерден ерекшелігі мен концертте тек жанды дауыста әндерімді орындайтын боламын. Ал үш-төрт айда Қытайға барып бейнебаян түсірмекпін. Сол жақтағы қандастарымыз жақсы әнмен сценаримен келсең, жаңа туындыны өзіміздің қалтамыздан түсіріп береміз деп отыр.

— Ал киноға қатысты шыққан дау басылды ма?
— Басылды. Бірақ мен ол киноның қаржысына жауап бермейтін болғандықтан,  менің алдымда қателік жібергендері тазаладым. Қазір барлығы дән риза.