Сырым Исабаев кино түсірмек

Сырым Исабаев

Әнші Сырым Исабаевтың жақында Қуаныш Жаманқұловтың сөзіне жазылған «Жалынбас жүрек» атты жаңа әні жарыққа шықты. Бұл әнге әнші бірер күнде бейне клип түсірмек ниетте. Қазір концерттік кештермен қарбаласып жүріп жеке шығармашылығыма уақыт табу қиындау болып жүр дейді Сырым.

Әншінің өз көрермендеріне жеткізер жаңалығының бірі. Көктемде жаңа фильмнің түсірілімі басталады. Бұл фильм «Қыз алып қашу» операциясына ұқсас болу-болмауын әзірге айтпай құпия түрде сақтасақ дейді ол.

Қазір Сырым Еркін Нұржановпен бірге Батыс өңірінде гастрольдік сапармен жүр. Алдағы күндері Сырым Монғолияға барып, концерттік кеш беріп қайтпақ. Осы мақсатта дайындықтар жүргізілуде.