Билік басындағы бикештерге бейнебаян тарту етілді

437
Бейнебаянның бас кейіпкерлері

 

Аналардың құшағы гүлге толған күн
Аналардың құшағы гүлге толған күн

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын өңір басшысының орынбасары Берік Оспанов жеткізді. Салтанатты жиында көрікті де іскер әйелдерге тосын сый жасалды.

Опера және балет театрына бүгін облыстың кілең мықты келіншектері жиналды. Олардың алдындағы сахнаға облыс әкімінің орынбасары Серік Оспанов шығып, аруларды төл мерекелерімен құттықтады. Әдеттегідей емес, ерекше сөздермен.

Берік Оспанов, облыс әкімінің орынбасары: «Табиғатта әйелдер секілді. Бір де күн шығады, бірде жаңбыр, бірде дауыл, бір де қар. Көктем шығып кеткен сияқты, бүгін қар жауып тұр.  Бірақ, мұнда жиналғандардың жаны жайсан, жақсы адамдар деп ойлаймын. Көктеммен бірге келген мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын».

Бейнебаянның бас кейіпкерлері
Бейнебаянның бас кейіпкерлері

 

Салтанатты мерекенің тосын сыйы да жиналғандарды көп күттірген жоқ. Мемлекеттік қызметтегі әйелдерге арналып, арнайы бейнебаян ұсынылды. «Оңтүстікфильм» ұсынған әзіл көпшіліктің көңілінен шықты. Басқарма бастықтарына жасалған биылғы жылдың ерекше сыйлығы осы болды деп ойладық. Айтпақшы, арулар бүгінгі салтанатты жиынға арнайы дайындалыпты. Олардың сырын біз де білмек болдық.

Баян Жандосова, №9 мектептің директоры: «Көйлек тіктірдім. Арнайы дайындалдым. Көп сыйлық та алдым».

Қалима Жантөрева, «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының орынбасары: «Маған әдемі аяқ киім сыйлады. Бірақ бүгін киіп келмедім. Ертең отбасылық мерекеге киемін деп жоспарлап отырмын. Ал бүгін театрға келемін деп, сән салонына барып, жасандым. Мереке болған соң, әдемі болып жүргім келді».

Аруларға әннен шашу шашылды
Аруларға әннен шашу шашылды

Күлкісімен әлемді нұрландырып, мейірімімен жұбататын аналарға құрмет көрсетілді бұл күні. Еңбегі еленгендерге облыс әкімінің грамоталары мен алғыс хаттары үлестірілді. Әсем әуен, тамаша би мен шын жүректен шыққан жылы сөз кештің көркін келтірді. Ал ең бастысы – аяулы жандарға керемет көңіл-күй сыйланды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=y49jNYoz1A4[/youtube]