«Астана» даңғылын су алды

307
тұрғын үйлердің су құбырлары зардап шеккен жоқ

Таңертеңнен «Астана» даңғылының бойына су мамандары жиналды. Мұнда тасжол опырылып түскен. Сала жауаптылары осы маңнан қалалық су жүйесімен қоса «Мэтро» сауда орталығының су құбырлары да өткенін айтқан. Сондықтан, жер астында құбырлар көп. Оқиғаға кімнің кінәлі екенін бірден анықтау мүмкін болмады.

Бірнеше сағатқа созылған тексеру жұмыстарынан кейін бұл апатқа жауапты мекеме табылды. Ол — Мэтро сауда орталығы емес, жаңа әкімшілік орталығы аумағында бой көтеретін кітапхана соғуға белсене кіріскен мердігер құрылыс компаниясы болып шықты. Құрылысшылар жер асты суының құбырына зақым келтірген. Соның салдарынан су жолға шығып, опырып жіберген. Енді бұл мекеме жолды да жөндеуі тиіс. Бастысы, бұл ауданға қарасты тұрғын үйлерде су беру тоқтатылған жоқ.