Дүкендерде нан бағасы әлі тұрақтаған жоқ

312
Шымкентте нан қымбаттады

Қаладағы дүкендерде нан бағасы әлі де тұрақтамай отыр. Көптеген сауда орындарында ас атасы арзандап, 35 теңгеге түскенімен, олардың бағасын төмендетуге асықпайтындар да жетерлік. Мұны шымкенеттіктердің өздері растап отыр.

Тұрғындар: «Бір апта болды нан 40 теңгеге қымбаттады. Көп балалы отбасымыз. Күніне 4-5 нан аламын. Есептеңіз енді». 

Ас атасының құны көтерілмеуі тиіс. Нан қауымдастығындағылар осылай дейді. Наубайшылардың арасында арнайы келісім бар, олардың бағаны шарықтатуға құқы жоқ деп кесті.  

Нан қауымдастығы биыл елде астық түсімінің аздығына қарамастан, тапшылық болмайды деп сендірді. ОҚО-ы 170 мың тонна астық алған. Оған қоса ұнға жарамды бидай елдің солтүстігінен де жтікізліп жатыр. Ал тұрғындар мұның шарапатын көретініне күмәнмен қарайды.

Тұрғын: «Астықты мерзімінде жинау керек еді. Биыл ысырап болды, құрғақшылық».

Мамандар оңтүстікте баға тұрақтанды деп аузын жиып үлгермей жатып, солтүстіктегі қымбатшылық туралы хабар тарады. Мұнда ұн мен макарон өнімдерінің құны бірден 3 есеге шарықтап кетті. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zKM3fx6nJCc[/youtube]