Ағайынды апалы-сіңлілі Шереметевалар «Дендросаябақтағы» катамаранды жалға беруші және оған жауаптылардың үстінен полицияға арызданды. Оған қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған. Олар осында демалуға келсе керек.
Қасында 5 жасар бала да болған. Бірақ су үстіндегі қызық апатқа ұласты. Катамаран аударылып, үшеуі әрең дегенде судан шыққан.
Вита Шереметева: «Біз бірден шайқала бастадық. Екеуімізде суда жүзе алмаймыз. Қасымызда бала бар. Көмекке шақыра бастадық. Бірінші жақын маңда жүзіп жүрген ата келді, содан барып, катамаранды жалға берушілер келді».
Ал катамаранды жалға беруші болса, оқиға демалушылардың өздерінің қауіпсіздікті сақтамағанынан болған деп ақталып отыр. Ақ-қарасын полиция анықтамақ.