«МЕГА» сауда орталығынан шыққан өрт сөндірілді

233

«Мега» ойын сауық орталығындағы тілсіз тажал толықтай ауыздықталды. Бұл сәтте өрттің неліктен шыққаны анықталып жатыр. Өрт қанша шаршы метр аумақты шарпығаны да хабарланбауда. Оқиғаға байланысты жабылған жолдар ашылды.Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, «Мега» орталықтың жылу сақтағыш изоляциясы өрттің шығуына себепші болыпты.

Еске сала кетейік, Шымкенттегі «Мега» сауда орталығынан  сағат 16:00-де төтенше жағдай орын алған болатын.

Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 4 өрт сөндіру машинасы мен 50 қызметкері жұмыс жасады.  Өрт ірі сауда орталығынң үшінші қабатынан шыққан болатын. Сол мезетте-ақ, орталықтың сатушыларымен қонақтары, алушылары, барлығы жүзге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Бір қуантарлығы жапа шеккендер жоқ.