ОҚО-да пластикалық карточканы пайдаланушылар артқан

357

ОҚО-да пластикалық карточканы пайдаланушылар саны артып келеді. Қазіргі таңда 600 мыңнан астам жерлесіміз осы карточкаларға ие. Адамдар коммуналдық төлемдері мен салықтарды, байланыс ақысын төлеп, дүкендерде сауда-саттық жасайды. Бұл қолайлы дейді олар.

Руфина Ахметова, тұрғын: «Мен карточканы пайдаланғанды өте тиімді деп санаймын. Дүкенге келіп, буда-буда ақша шығарып жүргенше карточкамен сауда жасаған қолайлы». 

Биылғы жылдың 1-шілдесіне дейін еліміздің банктері жалпы саны 11 млн. пластикалық карточка шығарса, соларды 10 млн-ға жуық адам қолданып жүр. Бұл — 2011 жылдың осы уақытпен салыстырғанда 24 пайызға артық.

Қазақстанда пластикалық төем карточкаларын шығарумен 23 банк және «Қазпошта» АҚ-ы айналысады. Олар халықаралық және жергілікті дәрежедегі карточкаларды шығарады және халыққа таратады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uwN9SuFIqL8[/youtube]