Жаңалықтар 

«Диана» туристтік агенттігі саяхатқа шақырады

Қазір жазғы демалыс маусымы аяқталып қалғанымен, жерлестеріміздің шетелге саяхат жасауы үзілген емес. Бізде күн салқындағанымен, мұхит пен теңіз жағалауының жылы ауа-райы саяхатты жаны сүйетіндер үшін әлі де болса бағалы.

Айгүл Айжанова, агенттіктің менеджері: «Оңтүстіктің тұрғындары мүмкіндігінше Түркия еліне барады. Тіпті шетелдің қай жері ең ыңғайлы екендігін тұрғындар өте жақсы біліп алған».

Нұрсұлу Әбдірайымова жылда отбасымен шетелде демалғанды ұнатады. Бүгін де ол «Диана» туристік агенттігіне билет алуға келді. Алтын күздің жылы ауа райын ұнататын ару Кемер қаласын таңдап отыр.

Әбдіраймова Нұрсұлу, жеке кәсіпкер: «Мен жылда отбасыммен осы агенттіктің көмегімен шетелде демалғанды ұнатамын. Сонымен бірге осы агенттік арқылы жеке кәсібімді аштым. Алғысым шексіз. Ал көрсетілетін қызмет түрі өте жоғары деп айта аламын».

Шымкенттегі басқа туристік агенттіктерге қарағанда «Диананың» өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен мұнда осы агенттік арқылы өзге елге қыдыруға азаматтардың қауіпсіздігі, әсіресе, денсаулығы басты назарда тұрады.

Айгүл Айжанова, агенттік менеджері: «Бізде шетелге кеткен адамадардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда болады. Толығымен ол үшін жауаптымыз. Бізде жұмыс жасайтын менеджерлер бірнеше тілдерді біледі. Барлығы шетелде білім алған. Ол жақтың мәдениетімен етене таныс».

Егер жазда шетелде демалып үлгере алмасаңыз, онда «Диана» туристік агенттігіне келіңіз! Мұндағы қызметкерлер сіздер үшін әрдайым қызмет жасауға дайын. Оның үстіне демалыс турларының билеттерінің бағасы қазір біраз арзандаған. Сізге тек көңіліңізге жақын аймақты қаласаңыз болғаны.

 

 

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "«Диана» туристтік агенттігі саяхатқа шақырады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

салеметсиздерма! мен Хамит Акжол жасым 18де, осы жазда шетелге Лондон каласына достарыммен саяхаттауды жоспарлап журмин. Бирак ол ушин кандай арекет етуди билмеимн, онын жалпы куны канша турады!?

wpDiscuz