Úı Jańalyqtar Ел ішінде саяхаттағандар тур бағасының 20 пайызын қайтарып ала алады

Ел ішінде саяхаттағандар тур бағасының 20 пайызын қайтарып ала алады

Ел ішінде саяхаттаған  отандастарымыз  тур бағасының 20 пайызын кэшбэк ретінде қайтарып ала алады. Ол үшін демалыс пакетін ресми тіркелген туристік агенттіктен сатып алу қажет.

Онда  бір  күндік демалысқа 5 пайыз,  екі күн үшін 10 пайыз, үш  күнге 15,  төрт  күн үшін 20 пайыз кэшбэк қосылып отырады. Мәдениет және спорт министрлігі мұны отандық туризмді қолдау үшін енгізіп отыр.

Бұл көрші Ресей мен Өзбекстаннан алынған тәжірибе. Ал туроператорларда бұл қызметті ұсынатын маркетплейс болуы қажет. Қазір министрлік тур агенттіктердің мүмкіндігін талқылап жатыр.