1 200-ден астам балаға әуе билеті тегін берілген

24

Елімізде ішкі туризм дамып келеді. Соңғы бір жылда ел ішінде 6 млн адам саяхаттаған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 8 млн-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды.

Қызмет көрсету саласы мен жолаушыларға беріліп отырған кейбір жеңілдіктер ел ішіндегі барыс-келістің көбеюіне сеп болған. Мәселен биыл 1200-ден астам балаға әуе билеті тегін берілген. Туризм саласында жаңа жобалар да көп. Олардың басым бөлігі қонақ үйлер салу сынды қызмет көрсету саласында жүзеге асып жатыр.

Жыл басынан бері жалпы құны 20 млрд теңге болатын 77 жоба қолға алынған. Осы бағыттағы жұмыстар тұралап тұрған сыртқы туризм саласын дамытуға сеп болады дейді мамандар.