ЕуроОдақ елдеріне кіру жаңа ереже бойынша жүргізіледі

176

1 ақпаннан бастап Еуропалық Одақ елдеріне кіру жаңа ереже бойынша жүргізіледі. Азаматтардың еркін саяхаттауына жағдай жасау үшін Еуропалық кеңес бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Соған сәйкес, екпе салдыртқандар

мен індеттен жазылғанын растайтын 6 айға жарамды Еуропалық сертификаты барлар Одақ елдеріне еркін кіріп шыға алады. Бұдан былай сертификат иелері саяхаттау кезінде қосымша ПТР тест тапсырмайды және карантинге жабылмайды.

Ал Еуропалық ковид сертификаты жоқ тұрғындар Одаққа мүше 27 мемлекетке кірерде немесе кіргеннен кейін 24 сағат ішінде ПТР тест тапсыруы тиіс. Сондай-ақ, індет қатты өршіп тұрған елдердің азаматтарынан басқаларға карантиндік шектеу қойылмайды.