Оңтүстікқазақстандық өнім өндірушілер жергілікті базарларды сапалы өніммен толықтыруға дайын. Айтуларынша, енді олар шетелдік өніммен бәсекелестікте басып озады. Бәсекелестіктің қорқыныш тудырмайтынын да ашып айтты. Әрине, сенімділік — сапаның жоғары екенінің дәлелі болса керек-ті.
Болат Бісімбаев, «Алтын Дән» ЖШС-нің директоры орынбасары: «Бәсекелестікте басым тұру үшін ең алдымен сапалы тауар және тиімді бағаны ұсыну жетерлік. Көпшілктің атынан сөйлемей-ақ қояйын, бірақ біз мысалы, бәсекелестіктен еш қорықпаймыз. Себебі, біз сапасына сенімдіміз және бағаны жоғарылатпаймыз. Сондықтан, көпшілікке осы әдіс тиімділік тудырып отыр. Өнімдеріміздің сұранысқа ие екенін де айтып өту керек. Қуантарлығы — өнім өндіру де едәуір оңайға түсуде».
Оразбай Төлегенұлы, «АРТ-ЖБИ» ЖШС-нің директоры: «Көптеген өнімөндірушілер ешқандай шығындарсыз табыс тапқысы келеді. Алайда түсінуі керек, халықаралық нарықта бәсекелес болу үшін ең алдымен жұмыс жабдықтарын жаңартып, жаңа технлогияларды енгізіп, әрине сапалы шикізатты қолдану қажет. Сонда ғана бәсекелестік қорқыныш тудырмайды. Біз, мысалы испандық жүйені орнатып жатырмыз, әзірге әлем бойынша 2-уі ғана қолданысқа ие. Сондықтан біз болашаққа сенімдіміз. Клиенттеріміздің қалаған, жоғарғы сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырмыз деп еркін айта аламын».
Бірнеше айдан соң, біздің дүкендерде отандық тауарлар таусыларға шақ қалып тұр. Сондықтан базарларда Ресей мен Беларуссияның өмідері қаптап кетеді деген пікірдің жаңсақ екенін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев та растап отыр.
Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Иә, біздің өнімдер өзімізге жетіп-артылады. Сонмыен қоса, отандық өнімдердің дамуы – экспорт арқылы тарзыланады. Өзгелерді көріп бой түзейміз. Даму керек. Мемлекеттің қарастырған көптеген бағдарламаларын тиімді пайдалау да кәсіпкердің ұтымдылығы. Сондықтан мемлекет тарапынан ұсынылған оңтайлы әдістерді пайдалануға мүмкіндік мол кезде, құр қалмаңыздар дегім келеді. Бұл Сіз үшін жасалған ұтымды жағдай! Кәсіпкерлер құлағына алтын сырға деп жатқанда мүмкіндікті жіберіп қоймаса екен деймін».
Жаңарулармен бірге қадам басқысы келмеу немесе тиісті талаптарды орындамау – Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жолыындағы кедергі болары анық. Тіпті мемлекеттік бағдарламалар да құтқара алмайды деп есептейді оңтүстікқазақстандық өнім өндірушілер. Сондықтан, өңіріміздегі кәсіпкерлер өзге де қызметтестеріне мелекеттік бағдарламаларларға сеніп, жайбасарлыққа салынбау керектігін айтады. Өз кәсібіңді өзің дөңгелетуге кеңес береді. Ендеше, іске сәт кәсіпкер!