Шымкентте еліміздің бас сызбасы талқыланды

ҚР бас сызбасын жобалау жұмысына 1 млрд. теңге қаржы бөлінген
ҚР бас сызбасын жобалау жұмысына 1 млрд. теңге қаржы бөлінген

Қазақ елі өзінің территориялдық бас сұлбасын бекітуі тиіс. Қыркүйек айында Еліміздің құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігі осындай жоба қабылдаған болатын. Республика аумағының бас сызбасын бекіту үшін арнайы жұмыс тобы бүгін Оңтүстікке келді. Елдің территориялдық бас сұлбасын бекіту ісінің жобасы бізге дейін Шығыс Қазақстан облысына таныстырылған. Ондағы аймақтық проблемаларды тығдаған жұмыс тобы енді Оңтүстіктегі мәселелерді тыңдамақ.

Аманжол ЧИКАНАЕВ, «ҚазҒЗСТҚСИ» РМК Астана филиалы директорының орынбасары: «Бұрын, мәселен, қалаған өңір мен облыстан машине жасау секілді өнеркәсіп орындарын салуды жоспарласақ, жаңа жоба бойынша енді бұлай болмайды. Біз нарық заңымен санасуымыз қажет».

Ескеретін жәйт, республиканың бас сызбасын жергілікті жерлердің бас жоспарымен шатыстырмау қажет. Бұл әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайына байланысты, болашақта сол өңірлерде салынатын зауыт-фабрикаларды ойластыруға арналған. Сондықтан астанадан келген жұмыс тобына біздікілер келесідей проблемаларын алға тартты.

Бақтыбай ДҮЙСЕБЕКОВ, ОҚО Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары: «Бізде ең бірінші кезекте туризм саласын дамыту керек. Одан соң агроөндіріс кешенін жақсартуға тиіспіз. Оңтүстікте адам ресурсы көп қой. Сондықтан, оларды жұмыспен қамту ісі де ұсыныс ретінде барлық басқармалар тарапынан ұсынылатын шығар деп жоспарлап отырмыз».

Республиканың аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын дайындауға бюджет 1 млрд теңге қарастырған. Жыл аяғына дейін әр облыс өзекті мәселелерін айтып үлгеруі тиіс. 2014 жылы жоба толықтай іске аса бастайды деп күтілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GR3Ogc_VB1I[/youtube]