Жұмыс 10-қазанға дейін аяқталуы тиіс
Жұмыс 10-қазанға дейін аяқталуы тиіс

Шымкенттегі жылу жүйелерін қысқы суыққа дайындаудың тағы бір жаңа мерзімі бекітілді. Қазір қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Абай ауданында 424 көпқабатты үйдің 174-ін «3-Энергоорталық» АҚ қызмет жасаса, 250 – үйді жылу маусымына «Қуатжылуорталық» мекемесі дайындауда. Бейбітшілік көшесіндегі 12 үйде сығымдау жұмыстары қыркүйектің ортасында аяқталған.

Федор Чебукин, Бейбітшілік көшесі 12 үйдің үй комитеті төрағасы: «Жер төледегі жылу жүйесіндегі шүмекті  кеңейтті, енді жылу жақсы болатын шығар. Былтыр жылу мардымсыз болған соң,  адамдар дербес жылыту қондырғысына көшкен. Шеткі подъездегі пәтерлерде салқындау болады. Қазір жылуберушілер де әкімдіктегілер де жылу сапалы болады деп уәдені оңды -солды беруде. Көреміз».

Абай ауданы әкімдігіндегілер сығымдау жұмыстары барлық үйлерде жүргізілді дейді. Бүгінде «3-Энергорталықпен» келісімге 97 үй тұрса, Қорғасын зауыты аумағындағы 101 көпқабатты үйлер «Қуатжылуорталығымен» келісім түзіпті. Ал 266 үйдің тұрғындары әкімдік тапқан жөндеу бригадаларының күшімен жүйені сығымдаудан өткізуде.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Қысқа дайындық штабын қазір қала әкімі жүргізіп жүр. Отырыста соңғы мерзім – 10-қазан деп белгіленді.  Абай ауданы бойынша екі үй  Желтоқсан көшесіндегі 4 үй мен  Құрманбеков көшесіндегі  32 үй сығымдаудан өтпеді. Алайда, қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп, 10-қазанға дейін  жылу қабылдауға әзір болады».

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жылу жүйелері 10-қазанда дайын болуы тиіс. Абай ауданы бойынша магистральді құбырларды алмастыру Темірлан тас жолы бойындағы мына учаскеде қалды. Мердігерлер мерзімінен бұрын да бітіруге болатын еді, егерде жылу жүйелерінің үстінен қызыл сызықта нысандар салынбағанда дейді.

 Балта Адылбаев, «3-Энергоорталық» АҚ -ның Абай ауданы бойынша
учаске бастығы: «Мердігер компания қазір  тозығы жеткен  құбырды  алмастырды. 3 күнде бұл жұмыстар аяқталады деп отырмыз. Қазылған  жерді  бізбен келісімге тұрған «Береке» ЖШС-і тегістеп, асфальт төселеді».

Осы шағынауданда жұмыс істеген  жылуберушілер, қапталмаған жылу құбырларын көрген болар. Олар арнайы материалдармен қапталмаса, жүйемен аққан ыстық даланы жылытып, пәтерге жеткенше суитыны анық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vYqMHE95qVU[/youtube]