1 сәуірде Шымкентте жылу беру маусымы аяқталады

322

Шымкентте 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымы 1-ші сәуірде аяқталады.

Оған негіз болған қала әкімінің қаулысы мен «Қазгидромет» қызметінің ауа райы жайлы мәліметі. Негізінде 143 күн деп белгіленген жылу беру маусымы 23-наурызда аяқталуы тиіс болатын

Гүлсара Тастанбекова көктемнің шуақты күнін сағынғанын айтады. Пәтерде отыра беріп жалықтым, бүгін таза ауаға шықтым дейді аулада серуен құрған зейнеткер. Қыс бойы жылы пәтерде отырдық, соңғы айдағы толассыз жауған жауынды да елемедік. Жасымыз келген соң денеміз жылулықты қалайды,- дейді қала тұрғыны.
Шахарды жылумен қамту міндеті «Қуатжылуорталық-3 » МКК жүктелген. Бюджеттік мекемелерге жылу былтыр 6-шы қазаннан, көпқабатты үйлерге және 1200 коммерциялық нысанға 15-ші қазаннан берілген.

Пердебай Сәбитов, «Қуатжылуорталық-3″ МКК басшысы:» 1-ші сәуірде жылу беру маусымын аяқтаймыз. Жылу беру маусымының мерзімі 143 күн деп бектіліген болатын антимонопольды департаментімен 23-ші  наурызда аяқталды. Бірақ, күн салқын болғандықтан қала әкімімен ақылдасып , 1-ші сәуірге дейін создық.

Мекеме басшысы жылу маусымында қала аумағындағы 15 қазандық, 17 сорғыш стансасы тәулік бойы жұмыс істеп, 77 мыңнан астам тұтынушы және әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етті дейді. Алайда тұтынушылар арасында жылудың ақысын төлемей жүргендер де бар.Олардың саны 32 мыңға жуықтаған.

Пердебай Сәбитов, «Қуатжылуорталық-3″ МКК басшысы: Тұтынған жылу бойынша  600 млн берешек бар, олардың 300 млн-ы ағымдағы жылдың қарызы, қалғаны 3 айдан асып кеткен мерзімде жинақталған берешек.  Олардың ішінде 80-100 млн-ы алдағы жылу масумынан келе жатқан қарыздар.  Қарызды сот орындаушылары арқылы өндіріп жатырмыз»

Жылу берушілермен былтыр инвестициялық бағдарлама аясында тозығы жеткен магистралды , орамішілік құбырларды жаңалауға бөлінген 108 млн теңге толық игерілген.Алдағы жылу маусымында Түркістан көшесіндегі 200 метрдей, Адырбеков пен Жібек Жолы көшелері қиылысындағы ұзындығы 800 метрдегі магистральді және шағынаудандардағы орамішілік құбырлар күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Шынар Оразова