Шымкентте жоғары оқу орындарының атсатысуымен көңілді тапқырлар клубының көңілді кеші өтті. Жайдарманның мүшелері әдемі әзілдерімен жастардың жанын жадыратуда бұ жолы да алдына жан салмады. Осылайша 2012 жылдың маусымашарын ашты. Айта өтейік, бұл жолғы маусым ашарға өңіріміздегі ең белсенді құрамалар қатысты.
“Мирас-7” (Мирас университеті), “7-де 1” (Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Иституты), “Бағдаршам” (Жетісай қаласы), “ШУ құрамасы” (Шымкент университеті), “Аманат” (Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті), “Мирас” (Мирас университеті), “Авиценна жастар құрамасы” (Авиценна медициналық колледжі), “Мардан Ұландары” (М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институты), “Кудники” (Қазақстан Халықтар Достығы Университеті), “Жетінші материк” (Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеті), REAL MADRID (Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық академиясы), “Байдың балдары” (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті), “Қызыл өрік” (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті), “Еркін құрама” (Шымкент қаласы) – міне, 14 құрама Оңтүстіктің тұрғындарына кермет кеш сыйлады. Айта өтейік, қазылар алқасының төрағасы — режиссер, әнші Шапағат Орынбаев.
Ерлан Айтбаев, “Шымкент жастары” МКМ директоры: “Былтыр, оның алдыңғы жылы көңілді тапқырлар клубының кеші өткенімен, осылайша аудандағы жастар қызығушылық таныта бермейтін. Ал бұл жолы Жетісай, Түркістан және өзге де аудандардан келіп қатысып жатыр. Сондай-ақ “Жайдарманның” сахнасы тек қазақ тілді өнерпаздарға арналған. Бұл деген сөз – қазақша көңілді тапқырларлар клубының дамуын тарзыласа керек. Сондықтан тіліміз бен өнеріміздің дамуына “Жайдарманның” қосар үлесі орасан дер едім. Себебі, қазақ жастары көңілді тапқырлар клубын жақсы көретіні және қалмай белсене қатысатыны жасырын емес. Сол себепті, астарлап болса да қоғамдағы бұзақылық пен ащы шындықты осы әзіл арқылы жеткізіп, дұрыс тәрбиені насихаттауды өз басым жөн деп санаймын. Қарап отырсаңыз, Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінің көрермендер залы лық толы. Менің ойымша, мұнда қаламыздың, жалпы айтқанда өңіріміздің жастары жиналып отыр. Әрине, белсенділік танытқан жастарға алғысымды білдіремін. Әрдайым көңілді әрі жастар сұранысын қанағаттандыру үшін жасалған дүниенің ерекше және әсерлі шыққаны дұрыс қой. Жастар алға!”
Жайдарманның жарқын сахнасында алғаш рет өнер көрсеткен “Авиценна жастар құрамасы” көпшілікті күлкіге көмді. Ең бастысы өнерпаздар жастар қауымына күлкі сыйлағанымен мақтанады. Себебі, тұңғыш рет сахна төріне көтеріліп, өнер көрсеткен құрама жастардың көкейінде жүрген көптеген түйткілдерді айтып, ойларын дөп баса білді. Әрбір әзілінің астарында бүгінгі қоғамда орын алып жүрген келеңсіздіктер мен саяси ахуалдың сарсаңы, дін араздығы сынды бей әркеттер боямасыз жатқаны байқалып тұрды. Әрине, әзілмен жеткізсе де замандастырының көңілінен шыға алды. Күлкілі, бірақ ащы шындық! Екі тарапты ұтымды жеткіз алған “Авиценна жастар құрамасы” өзге топтардан оқ бойы озық тұратынын алғашқы кезеңде -ақ таныта алды. Қазылар алқасы да жас таланттарды байқап, өз кезегінде мадақтауды ұмытпады. Сайып келгенде, жастардың көкейтесті мәселелерін тапқырлықпен ұтымды жеткізуде алдына жансалмаған өнерпаздар көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.
“Авиценна жастар құрамасы”: «Біз алғаш рет «Жайдарманның» жалынды сахнасында өнер көрсеттік. Иә, біз бар өнерімізді ортаға салдық. Қобалжу-толқу сынды дүниелер болды, әрине. Алайда көпшіліктің қошеметін, ықыласын көргенде – барлығы да артта қалып қойды. Бірінші рет, бірақ әжептеурім көрсеткішке ие бола алдық. Менің ойымша, жастардың қалаған әзілін сыйлай алдық. Бастысы, біз көрсеткен, сыйлаған әзілдер жастардың жанына рухани дәрумен берген сияқты. Қазірдің өзінде біз жастардың ықыласын көріп, риза болып тұрмыз. Егер ақтық мәреде де осылай өнер көрсетсек біз «Жайдарманның» жақын жолдасына айналарымыз анық. Ең бастысы, Біз қазіргі қоғамдағы мәселелерді қозғап, жастар қауымына оймақтай ой салдық деп ойлаймын. Сонымен қоса, қыз бен жігіттің әзілдерін де әдемі жеткізе алдық деген ой жоқ емес. Біз сайысқа жүлде үшін қатысып жатқан жоқпыз. Жастардың ойында жүрген жалаң ойларды жұртшылықтың алдында жайып салып, замандастарымыздың сәлемдемесін әзіл арқылы жеткізу үшін қатысып отырмыз. Қазылар алқасы қай топтың ақтық мәреге жолдама алатынын шеше жатар. Бірақ, жастардың хал-ахуалын «жайдарманның» жастары ашық түрде айтуы маңызды екенін ұмытпасақ екен».
Жайдарманның жас достары – Байдың балдары, Марс,7-де 1, Аманат, Бағдаршам құрамалары өнер көрсетіп, көпшілікке күлкінің дәруменін сыйлады. Десе де замандастарымыз әзілкештер әзілін бағалады.
Нұрсұлтан Базарбек, көрермен: «Міне, жастардың жалынды әзілдері! Өте қызық! Тамаша! Керемет! Оңтүстіктің жастары өздерінің таланттарын бүгін тағы да дәлелдеп жатыр. Біздің көңіліміден шықты. Замандастарымыздың бұл жетістігін мақтан тұтамыз. Барлығы қазақша, таза шындығы араласқан әзілдер. Менің ойымша, бұрындары көңілді тапқырлар клубында жай ғана «жеңіл әзілдер» орындалатын болса, келе-келе заманауи салмақты, шындықты әзілмен жеткізетін стиль қалыптасуда. Байқап қарасам, «Авиценна жастар құрамасы» деген құрама бүгін лайықты КВН ойындарын көрсете алды. Міне, нағыз КТК-ның өнерпаздары! Қалай мақтасақ та жарасады. Бір артық немесе кем айтқандары болмады. Барлығы да орынды. Бәлкім, мұндай әзілдерді алдағы ойындардан тамашайтын шығармыз деп үміттенемін. Сондықтан бүгін «Авиценна жастар құрамасы» деген топтың жеңісін тілеп отырмын. Ақтық мәреге жолдама алады деген сенім де жоқ емес».
Ақнұр Көпбайқызы, көрермен: «Бүгінгі КТК-ның ойыншыларын тамаша ойын көрсетті! Өте қызық кеш өтіп жатыр. Біз құрбыларымызбен келіп отырмыз. Көптен бері дәл бұлай күлмеп едік. Енді міне, «күлкі – дәрумен» дейді ғой. Сол дәруменге риза болып отырмыз. Жастар да белсенді ғой Шымкентте. Көрермендер залы толып, өнерпаздарға қошемет көрсетіп, демеу болып отырмыз. Алайда, бүгінгі қатасып отырған 14 құраманың ішінен маған қаламыздағы Мирас университетінің атынан қатысып отырған «Мирас» құрамасының ойындары қатты ұнады. Сондықтан, осы топқа жеңіс тілеймін. Әрдайым тамаша әзілдерімен алда болады деп сенімділік танытып отырмыз құрбыларымызбен. Бірақ, барлық құрама әзілдері өз алдына керемет, өз болмыстармен ерекшеленуде. Костюдерін де келістіріп шыққан топтарды көрдік. Бұл – жоғарғы оқу орындарының «Жайдарман» ойындарына жауапкершілік танытуы ғой».
Жайдарманның көңілді өнерпаздары көпшілікті күлдіргенімен, әрбір әзілінің астарында ащы ақиқат жатты. Осылайша, арнайы қала әкімінің жүлдесі тағайындалған республикалық жобаға “Авиценна жаастар құрамасы”, “Шымкент жастары”, “Түркістан”, “Мардан ұландары” құрамалары, яғни 4 құрама жолдама алып отыр. Ал бұл әзіл бәсекесі қазан айының 19-жұлдызында Шымқалада өтеді деп жоспарлануда.