Облыстық «Жайдарман» ойыны өтті

612

«Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында Астана қаласының 20 жылдығына және Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерекесіне орай обылыстық жайдарман ойындары өтті, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараға Кентау, Сарығаш, Бәйдібек, Төлеби аудандары мен Леңгір, Шымкент қалаларынан жалпы өнерлі 7 команда қатысты. Ойынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров, ауданның ерікті жастарының жетекшісі А.Қазбек, «Нұр үміт» продюсерлік орталығының директоры, әнші А.Талғатқызы, «Тұран Астана» университетінің проректоры, Астана қаласының Жайдарман филиалының директоры Ж.Жамаш, «Байдың балдары» командасының белді мүшесі А.Орынбай қазылық жасады.

Таныстыру кезеңі бойынша бақ сынасқан командалар ұтқыр әзілдері мен халықтың көңілінен шыға білген командалар тиісті марапатқа лайық болды. Ойынның нәтижесінде 3-ші орынды Шымкент қаласынан келген «Капитан» командасына, 2 –ші орынды Кентау қаласынан келген «Жұрттың балалары» ие болды. 1-ші орынға лайық деп Төлеби ауданынан келген «Ақбастау Сити» иеленді.

Бас жүлде Шымкент қаласының белді командасы республикалық лигаларда озық өнер көрсетіп жүрген «Миллион» командасына бұйырды. Командалар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық командаларға аудандағы «Домалақ Ана» кесенесі бейнеленген естелік сыйлықтары табысталды.

«Нұр үміт» продюсерлік орталығының директоры, әнші А.Талғатқызы өз атынан Төлеби командасына қаржылай сыйлығын табыс етті.