Зообақта да қысқа дайындық қарқынды

297
зообақ қысқа дайын
зообақ қысқа дайын

Шымкент зообағы жылу жүйесін қосып қыс маусымына дайындықты бастап кетті. Пияз, сарымсақ, тосап секілді қосымшаларды тағам мәзіріне қосып, хайуанаттарға қысқы тамақтану рационын байытып жатыр.

Түскі және кешкі асқа ботқа, сәбіз, алма жеңсік асқа. Қысқы тамақ мәзірі Ник пен Ташкенбайға ұнаған секілді. Ник пен Ташкенбай дегеніңіз Шымкент зообағының жануарлары, нақтырақ маймылдар.

Қарашаш Ерімбетова, зообақ қызметкері: «Күн суыта бастасымен біз аңдардың тағамына сәбіз, алма, сарымсақ, пияз қосамыз. Бұл өз кезегінде жануарларды суық тиюден қорғайды». 

Қысқы байытылған тағам мәзірі жыртқыштар мен шөпқоректілер үшін де әзірленген. Биыл қыс мезгіліне дайындық аса қиынға соққан жоқ дейді зообақ қызметкерлері. Жылу жүйесі толығымен жөнделіп, былтыр көгілдір отынға көшірілген. Тастай суық бетон еденде емес, ағаш қиқымын төсеп, зообақ басшылығы хайуанаттар үшін бар жағдайды жасап отыр.

Латипша Әлиев, зообақ директорының орынбасары:»Қыс мезгіліне зообақ жүз пайыз дайын деп айта аламыз. Жылу жүйесі іске қосылған, көгілдір отынмен бірқалыпты ауа температурасын сақтап тұра аламыз».

Зообақтағылар таяу күндері суық күндер болмайтынына сенеді. Мұнда зообақтың өз ауа райын болжағышы бар. қатты суық күндер таяғанда саршұнақ үңгіріне кіріп кетеді екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6V9CtHRAxJ4[/youtube]