«Үміт» мектеп-интернаты балғындарының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан балалық шақтары өз маңызын жоғалтқан жоқ. Қоршаған әлемді толық көре алмаса да олар өмірге құштар. Көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» интернаты осындай ұл-қыздарға арналған облыстағы жалғыз оқу орны. Дүниежүзілік зағиптар күні «Изуми» сауда желісінің бастығы Өмірәлі Ералиев балаларға сыйлықтар табыстады.
Өмірәлі Ералиев, Изуми сауда желісінің директоры : «13-қараша зағип жандар күні «Изуми» компаниясы мектеп-интернатқа сыйлықтар алып келді. Біз, кәсіпкер азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесуіміз керек».
1993 жылы ашылған «Үміт» мектеп-интернатында содан бері мыңдаған балғын өмірге қанаттанып аттанды. Мұнда бүгінде 185 бала оқиды. Мереке күні қонақтар интернаттың жеткен жетістіктері мен қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.
Бегайша Нұрғазина, «Үміт»мектеп-интернатының директоры: «Сіздердің телеарналарыңыз арқылы «Изуми» компаниясының ұжымы және көп жылдары бізге көмек көрсетіп, қолдап жүрген басқа демеушілерге алғысымызды білдіреміз. Бұл балаларға көмек әрқашанда қажет «.
Бүгінгі іс-шараға мектептің тәрбиленушілері оқытушылармен бірге мерекелік бағдарлама әзірлепті. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да рухы биік дарынды балалардың қатарында интернаттың мақтанышы — «Сәт» тобы да болды. Бұл күні шырқалған әндер арқылы балалар білім ошағына үнемі қолдау көрсеткен адамдарға ризашылықтарын жеткізді
Тәрбиеленуші: «Сыйлықтар алып келгеніне біз өте қуаныштымыз. Сондықтан да бүгін көңіл күйіміз көтеріңкі».
Оқушылардың арманы — әлемнің қанық бояуларын көбен көріп, қанығу. Интернаттың басшылығы өздерінің тәрбиеленушілерін мақтан тұтады. Өйткені, олар біріне-бірі көмек көрсетуге дайын, тату жанұя.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wY-Umfnr1I0[/youtube]