Күш атасы Қажымұқанның өзі тұтынған жеке заттарын көруге мүмкіндік туды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру онкүндігіне орай Темірланда орналасқан Қажымұқан атындағы спорт мұражайының ұжымы қаламыздағы №24 Саттар Ерубаев атындағы мектепке көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда балуанның көзі тірі кезінде өзі тұтынған заттары бар.
«Біз оқушылардың назарына белгілі тұлғаларымыздың заттарын арнайы алып келдік. Мұнда Қажымұқанның өмірін бейнелейтін отбасымен, туыстарымен бірге түскен суреттері, сондай-ақ спорттық жарыстарда жеңіп алған 48 дана алтын-күміс медельдарының бірнешеуі, қайыс белдігі бар. Жапон елінде ұтып алған құрметті «Қайырымдылық» атты ордені , «Алтын күн мен арыстан» атты Парсы ордені»,- дейді Қажымұқан атындағы спорт мұражайының қызметкері Гүлдария Райымбекова.
Ал оқушыларға ең қызығы балуан үйленгенде достары сыйға тартқан сары самаурын болды.
Сонымен қатар Олимпиада Чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың заттары мен жәдігерлері де көшпелі мұражайда орын алған. Шара мақтан тұтар спортшыларымызды кеңінен таныстыру мақсатында өткізілген.