Оңтүстікте бір жылда 18 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз емес, 30 пайызға артық. Прокурорлардың сөзінше бұл тек қағазға жазылып, тіркелгені ғана. Оған полицейлердің жасырғанын қосыңыз. Соңғы кездері қызыл жағалыларымыз көрсеткішті төмендету үшін, қылмысты жасыратын болып шықты.
Мұндай құтырқылыққа жүгінуде жол полицейлері де алдына қара салмайтын көрінеді. Тәртіп сақшылары ережені бұзғандарға қатысты хаттама толтырмағаны аздай, жол көлік оқиғаларының саны бойынша статистиканы бұрмалаған. Прокурорлар тексеру нәтижесінде осындай былықтардың бетіп ашып берді. Олардың айтуынша, әкімшілік ереже бұзу бойынша жасырылған факты анықталып отыр. Хаттама толтырылмаған кезде келіспеушілілік орын алған. Алайда қайтадан тексеру кезінде жол полициясының әккі әрекеті әшкереленген.
Айта өтейік мамандар жол сақшыларының мұндай әрекеттерін бұған дейін де жалпақ жұртқа жайып берген. Сол кезде жол полициясының басшылығы мұның бәрін жоққа шығарғаны есімізде.
Ғалымжан Есімов ОҚО ІІД ЖПБ өкілі: «Біз жол ережесін жасырмаймыз. Апатты қалай айтпаймыз. Өйткені материалдық шығын бар жасыра алмайсын. Бұл әдейі қылмыс емес. Оқиға бойынша түсініспеушілік болған. Қандай жол апаты тіркелуі тиіс, қансысы тіркелмейді, осы тұрғысынан прокуратура мен жол полициясы арасында түсінбеушілік болған».
Ал прокуратура таратқан мәлімет бұл сөздерге қайшы. Яғни облыста кінәлі деп табылған жол полицейлері тәртіптік сөгіс алған. Ал кейбірі тіпті жұмысынан қуылған.