Жыл басынан бері облыс көлемінде 15 адам жұмыс барысында жарақат алып, қайтыс болған. Еңбек инспекциясының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың 10 айында 110 адам өндіріс басында түрлі жарақат алған. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Мұндай жағдайларда зардап шеккендер өтемақыға қалай қол жеткізе алады?
Жанәбіл Асылғалиев құрылыс жүріп жатқан үйдің 4-ші қабатынан құлаған. Ал жұмыс беруші азамат жедел жәрдем шақыртудың орнына болған істі жасырып қалуға тырысқан.
Ал еліміздің бас еңбек инспекторы өндірісте орын алатын мұндай жағдайларға алдымен жұмысшылардың көзсіз батырлығы мен жалған намысы қамшы дейді.
Ал Оңтүстіктегі жағдай қандай? Бізде өндірісте жарақат алушылардың қатары жыл санап өсіп барады. Мұны мамандар да растап отыр.
Еңбек кодексінің 317 бабында қызметкердің өмірін бақытсыз жағдайлардан сақтандыру міндеттелген. Дегенмен, бұл талап орындала бермейді. Оған жұмысшы өз құқығын толық білмеуі де себеп дейді мамандар.
Ең алдымен жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек келісімшарты түзілуі шарт.
Егер қолыңызда еңбек шарты болса, тек мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш берсеңіз болды. Ондағылар тексеру жүргізіп, қажетті шара қолданатын болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wigAnIGf9lY[/youtube]