Жаңартамыз деп жүріп, үй шатырлары ашық қалды

284
шатырдан сорғалаған жаңбыр суы 12-ші қабаттан 1-ші қабатқа дейін жеткен
шатырдан сорғалаған жаңбыр суы 12-ші қабаттан 1-ші қабатқа дейін жеткен

Міне, дау дамайға себеп болған үй. Жаңбыр суы 12-ші қабаттан 1-шіге дейін сорғалаған. Өйткені жөндейміз деп уәде еткендер, керісінше шатырды ашып кеткен. Тұрғындар «бас баспанамызды жоқ қыла ма» деп қауіптеніп отыр.

Шымкентте мемелкеттік бағдарлама орындалмай қалды. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша екі бірдей көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтуі тиіс еді. Бірақ басталған іс аяқсыз қалған. Мамандар қаржының жоқтығын сылтауратса керек. Салдарынан ашық жатқан шатырдан күздің жаңбыры сорғалап тұр. Тұрғындар артық қыламыз деп тыртық қылған жергілікті биліктің әрекетіне наразы.

Жаңбыр суы 12-ші қабаттан 1-шіге дейін сорғалаған. Өйткені жөндейміз деп уәде еткендер, керісінше шатырды ашып кеткен. Тұрғындар «бас баспанамызды жоқ қыла ма» деп қауіптеніп отыр. Ұрылардан да үрей көп.

Тәжібай Ілесов, үй тұрғыны: «Жаз бойы білінген жоқ. Кешегі күздің алғашқы нөсерлі жауынында 12-ші қабаттан 1-шіге дейін су болды. Ертең не боларын кім білсін?! Жөндеу жұмысы деп үй қабырғасына ілінген сатылар ұрыларға да жағдай жасап отыр. Бүгінге дейін 4-5 пәтер тоналды. Бұрын ондай жоқ еді».

Жыл басынан бері бөлінген 35 млн. теңге тек қос үйдің шатырын ашып, қасбетті суыққа қарсы қаптауға ғана жеткен. Қалған 88 млн.теңге қазынада жоқ. Қарастырылып жатыр. Қолға тиген бойда алдымен қасбетті қатырамыз дейді жауаптылар.

Нұрғали Төрежанов, «Тұрғын үй» МКК-ның директоры: «Қалай ақша түседі солай қасбетті жөндеймз. Биылғы жылға қасбетті жөндеу жоспарланған. Сондықтан да ең алдымен қасбетті әрлейтін боламыз».

Сорақысы сол қасбетті жөндейміз деп ілген сатыларды да қараусыз қалдырған. Салдарынан пысықайлар қолды қылып жатыр. Ал Былтыр ғана өз қаржысына шатырды жөндеген тұрғындар болса шыр-пыр. Қыс ауасында шатыры ашық үйде қаламыз ба деп отыр.

Тәжібай Ілесов, үй тұрғыны: «Бізге керегі ең алдымен үй шатырын жөндеу. Әрлеуінің қазір қажеті шамалы».

Қыс алқымдап қалса да,шенеуніктердің шекесі шырт етер емес. Күн суытқанша, бәрін қатырамыз деп басу айтумен әлек.

Берік Әлзақов, қалалық тұрғын үй инспекциясының төрағасы: «қаражат қарастырылып жатыр. Алған бойда жұмысты қарқынды жүргізіп, алдағы айда толық аяқтаймыз деп отырмыз. Дәл нақтылап әзірге айтаалмаймыз. Десек те, мәселеге оптимистік тұрғыдан қарау керек. Үлгереміз…»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Nw8Eo1pOsHU[/youtube]