Жол полициясы қызметінің құрылғанына 20 жыл

Бұл күні жол сақшылары облыс әкімінің алғыс хатынан бөлек, "Нұр Отан" ХДП, "ЛТД Тұрмыс" ЖШС-ы басшыларынан да марапат қағазын алды
Бұл күні жол сақшылары облыс әкімінің алғыс хатынан бөлек, «Нұр Отан» ХДП, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы басшыларынан да марапат қағазын алды

Бүгін Жол полициясы қызметінің құрылғанына 20 жыл. Оңтүстіктің жол сақшылары да кәсіби мерекесін атап өтуде. Қызығы мен шыжығы мол істе еңбегі елге сіңген жол сақшылары жетерлік. Бүгін оларға облыс басшылығы мен серіктес қызметтестері алғыс айтып, марапаттады.

Әлкен Сейітбеков, ОҚО ІІД ЖПБ жеке батальонының взвод командирі: «Жоғарғы жетістіктерге қол жеткізгенім үшін облыс әкімінің марапатын алдым. Рахметімді айтамын. Өзімізге жүктелген міндетті істеп жатырмыз енді. Қиыншылық ештеңесі жоқ. Жол полициясы басқармасының басшыларымен бірге жұмыс атқарып, мұнан да жоғары көрсеткіштерге жетеміз деп ойлаймын».

Жол қозғалысын реттеген 20 жылда оңтүстіктің 6 полицейі қызмет кезінде қайтыс болыпты. Істің ауыр да, жауапты екенін ардагер жол сақшылары да жете түйсінеді. Қалада көлік көп, әрі оған желмен жарысқан желекөкпелерді қосыңыз. Жалпы тәртіпті сақтауға кейде шаманың келмейтіні сондықтан дейді.

Қайролла Мейірбеков, ардагер жол сақшысы: «Бұрынғы полицейлердің жұмысы ауыр деуге болмайды, өткені ол уақытта көлік аз еді ғой. Бірақ қиыны, ол уақытта инспекторлардың көлігі болмайтын, мотоциклмен жүретін. Жол сақышалыр күннің суығына, ыстығына, жаңбырына, қарына, тіпті, аязына да қарамайды. Нағыз полицияның осылар айнасы деуге болады».

Ғалымжан Есімов, ОҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары: «Мені үйде «квартирант» дейді. Мен үйге барам, 4-5 сағат ұйықтаймын. Сосын жұмысқа қайта келем. Содан-ақ, көріп отырған шығарсыздар, күні-түні жұмыстамыз. Сондықтан жол полициясында, ішкі істер органдарында ертерек зейнеткерлікке шығарады».

Облыста қазір 500-ге жуық жол сақшысы бар. Олар тек қозғалыс ережесін ғана сақтап қана қоймай, насихаттау, үгіттеу жұмыстарын білуге міндетті. Бүгінгінің полицейі заманауи техникаларды да білуі тиіс.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2ijPEkJ8kJQ[/youtube]