«Изуми» сауда желісі жаңа жылдық ұтыс лотереясын өткізді. Бұған дейін бір ай көлемінде «Изумиден» киім сатып алған әрбір адамға ұтыс лотереясы таратылған еді. Әр мереке сайын тұрақты клиенттерін тосынсыймен қуантып жүрген Изумидің қызметкерлері бұл жолы да жомарттық танытты.
Сырт киімдер, жол сөмкелері, қол сөмкелері… Ерлер мен әйелдердің талғамын тап басқан дәл осындай сыйлыққа ұтыс лотереясын алған клиенттердің басым бөлігі ие болды.
Тараз қаласынан келген Әйгерім Шаңғырбай «Изуми» сауда желісінің тұрақты кленті. Әрдайым сыйлықтарға қол жеткізіп жүретін ол бүгін бас жүлде — плазмалық теледидарды қанжығасына байлады.
Әйгерім Шаңғырбай: «Менің әпкем ылғи да осы «Изумиде» киінеді. Мен Жаңа жылдың алдында жаңа киім алып қоймай, ұтысқа ие болдым. Қуаныштымын. Барлықтарыңызға осындай сәттілік тілеймін.»
Осы жолы «Изуми» сауда желісі ұйымдастырған ұтыс лотереясына қатысқандардың қатары қалың болды. Бұл — сауда орталығы қызметінің сапа көрсеткіші болса керек.
Марат Айнабеков: «Маған «Изумиден» киінген ұнайды. Ең сәнді киімдер осында. Жаңа жылдық ұтыс лотереясында саяхаттарға қажетті жол сөмкесін ұтып алдым. Рахмет, «Изумиге».
Осылайша Жаңа жыл мерекесі қарсаңында изумидің қызметкерлері өздерінің сатып алушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар біздің дәстүріміз деген сауда желісінің басшылығы жерлестерімізді Жаңа жылмен құттықтады.
Өмірәлі Ералив, «Изуми» сауда желісінің иесі: «Біз жылдың 4 мезгілінде, барлық мерекеде елмен біргеміз. Сондықтан да «Изумидегі» іс-шараны күтетіндер көп. Біз қашанда шымкенттік сәнқойларды жаңа топтамалармен қуантуға дайынбыз».