«Изуми» Тәуелсіздік күні қарсаңында балаларға сый жасады

363
Изуми сыйлығы

«Изуми» сауда желісі «Энрико Маринелли» сауда белігісінің өкілдерімен бірлесіп, Тәуелсіздік күнін тойлауға кірісіп кетті. Ересектер ата-ана қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетіп, сый-сыяпат жасады.

Изуми сыйлығыИзумиліктер мен «Энрико Маринелли» сауда белгісінің мерекелік тартуымен балалар қысқы жылы киімдерін сақадай сайлап алды. Фирмалық күртешелер мен сәнді шалбарлар, әйгілі бренд жейделер жеткіншектерді мәз-мейрам етті.

Изумиліктер мүмкіндігі шектеулі және ата-қамқорлығына зәру балаларға қол ұшын созуды ұмыт қалдырған емес. Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұсынылған бұл тарту-таралғы да қамкөңіл балаларды бір серпіндіріп тастады.

Дүкендер желісінде сәнді киімдер мен аяқ киімдердің түсімі жиі жаңартылады. Сенімді жеткізіп берушілер жергілікті халықтың таңдауын да ескеріп отырады. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандарға да қол ұшын беруге қашан да дайын.

Биыл «Изуми» сауда желісі 16 жылдығын атап өтті. Нарықта өз орны бар ұжым балалардан аянып қалмақ емес.

[youtube]https://youtu.be/HRXBVLvse50[/youtube]