Шымкенттік оқушылар «Изумидан» киінді

725

Шымкенттік оқушылардың жаңа келбетін қаладағы «Изуми» сауда желісі мен «Рич» әйелдер киімі салоны ойлап тапты. Сән мамандары бірсыдырғы мектеп формасын түрлі аксессуарлармен түрлендіріп, сабаққа сәнді киінуге болады дейді. Бұл киім үлгісімен қонаққа, театрға және кешкі басқосуларға да қысылмай бара аласыз. Назарбаев зияткерлік мектебінде ерекше дефиле ұйымдастырылды.

Зияткер жастар үшін заманауи киім үлгісі. Оқушы формасымен түрлі мерекелік шараға қатысуға болады. Жаңа үлгі Назарбаев зияткерлік мектебінде таныстырылды. Замануи киім үлгісімен жоғары сынып оқушыларының көңілінен шықты. Сәнді дизайн бірден баурал алды дейді жастар.

Кеңесбек Болат, зияткерлік мектептің оқушысы: «Дефиледен көп нарсе үйрендім. Түстер үйлесіміне өте қатты көңіл бөлуді де үйрендім. Гардеробты қалай жаңалау керегі жөнінде де кеңес алдым».

Мектеп оқушыларына арналған сәнді әрі стилді киім үлгісін «Изуми» сауда желісінің дүкендері мен «Рич» әйелдер киімі салоны ұсынып отыр. Сән әлемінің сарапшылары осылайша оқушылардың сұрғылт мектеп үлгісін заманауи тұрғыда жасап шығарған. Түстер үйлесімдігі мен сәні келіскен киім оқушылардың ойлау қабілетіне жақсы әсер етеді дейді кәсіпкерлер.

Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің бастығы: «Жастар сәнді киінуді қалайды. Біз жаңа киімдер көрсетілімін үйымдастырдық. Ерлер мен әйелдердің киім үлгісін, аяқ киімдер үйлесімін және күнделікті киім үлгісін көрсеттік. Түрлі стилде киінудің жолдарын үйреттік. Зияткер оқушылар білімі мен ғана емес, киім үлгісімен де өзгедерден ерекшеленіп тұруы қажет деп ойлаймын.»

[youtube]https://youtu.be/4fWHroKHEUI[/youtube]

Шеберлік сабағын өткізу идеясын зияткерлік мектептің оқушылары ұсынған. Олардың ойын жүзеге асырып, өтініштерін жерге тастамаған кәсіпкерге оқытушылар алғысын білдірді.

Қаракөз Әбдірахманова, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Киіну әдебі деген болады. Біз мұндай ұсынысымызды осыдан үш жыл бұрын айтқан болатынбыз. Ешкім елемеді, бұл жолы «Изуми» дүкендерінің басшысы ұсынымызды қуана қабыл алды. Жастардың танымын арттыратындай дефиле өткізді. Алғысымыз шексіз, алдағы уақытта да түрлі тақырыпта сән апталығын өткізуді жоспарлап отырмыз».

«Дефиле» көрсетілімінң соңы үлкен байқауға ұласты. Сән үлгісін көрсеткен жастар естелік сыйлыққа ие болды. «Изуми» сауда желісінің басшылары жасөспірімдерге түрлі топтамалар мен сәнді киімдер жеткізіп тұруға уәде етті.