«Кардуччи» мен «Симона» киім үлгілерінің жаңа топтамасы – шымкенттіктер үшін

Жаңа жылды қалай және қандай киіммен қарсы алуды Еуропадан келген дизайнер Осман Узун бес саусағындай жақсы біледі. Оның айтуынша, адамның киім үлгісі мерекеге сай болғаны абзал. Осылай деген мамандар «Изуми» сауда орталығының «Мистар» дүкенінде әлемге танымал «Кардуччи» және «Симона» үлгісінің ерлерге арналған стильді киімдері мен аяқ киімдерінің жаңа топтамасын ұсынды.

Сонымен қатар шетелдік дизайнерлер 2016 жылға арналған сән әлемінің сырларымен де бөлісті. Осылайша жаңа жылдық кешке дайындықты бастап жіберген мамандардың тың идеясы мен кеңесін шымкенттік сәнқойлар да тыңдап қайтты.

Осман Узун- дизайнер
Осман Узун- дизайнер

Осман Озун: «Біз стильді әрі сәнді киімдер топтамасын ұсынып отырмыз. Сапасы да жоғары. Бастысы – келушілердің көңілінен шығу, талғамдарына сай тауар ұсыну. Шымкентте өте жоғары талғаммен киінетіндер көп. Сондықтан бұл қалаға жиі келеміз».

«Изуми» сауда желісі әлемге танымал «Кардуччи» және «Симони» тауар белгісінің өкілдерімен 12 жылдан бері тығыз жұмыс жасап келеді. Берік іскерлік байланыс орнатып, үздіксіз жұмыс атқарудың нәтижесінде бүгінде қолжетімде бағада өнімдерін жиі жаңалауға да мүмкіндіктері бар.

Сату менеджері Огур Огуздың айтуынша, келер жылы сән сахнасында мақта, зығыр, жүн, яғни табиғи маталардан тігілген киімдер мен сары, жасыл, қызғылт, қоңыр қызғылт түстер болмақ. Ыңғайлылық пен түс таңдаудағы жарасымдылық та басты назарда.

Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Біз келушілерімізді үнемі қуантып отырамыз. Мереке кезінде дүкендерімізден қайталанбайтын үлгідегі ерекше киім үлгілерін ер-азаматтар таба алады. Әсіресе, әлімдік бренд киімдерін таңдайтындар мұнда іздегенін табады».

Европаның «Кардуччи» және «Симони» танымал маркісінің қайталанбас әрі саны шектеулі тауарын «Изуми» сауда желісінен сатып алуға болады. Мекенжайы: Нұрсәт шағынауданы және Асқаров көшесі, «Мистер» дүкені.

[youtube]https://youtu.be/xvCKlQNTICE[/youtube]