Алматы қаласындағы Корея Республикасының бас консулы Сон Чхи Кын бүгін облысымызға ресми сапармен келді. Оның біздің өңірмен танысуы облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездеуден басталды.
Консул сапарының басты мақсаты — ауылшаруашылығы, фармацевика, энергияның қосымша көздерін енгізу және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша әріптестік қарым-қатынасты жоспарлау.
Сапарбек Тұяқбаев облыстағы италияндық технологиямен жұмыс істейтін және мақта өндіретін кәсіпорындардың жұмысымен таныстыра келе, қонақты келер жылы наурыз-сәуір айында өтетін ірі инвестициялық форумға шақырды.