Жаңалықтар 

Шымкентте шекер тапшы

«Шымкентте шекер жоқ». Әлеуметтік дүкендер ғана емес, жекеменшік сауда орындары мен базарларға қант іздеп барған жерлестеріміз осылай деп шағымданып отыр. Қаламыздағы әлеуметтік дүкендерде шекердің орны ойсырап бос тұр. Дүкен сатушысының айтуынша, аз мөлшерде әкелінген тәтті өнім түс ауа таусылып кетеді екен.

Татьяна Зозуля, «Атамекен» дүкенінің сатушысы: «Дүкенде қант жоқ. Қанттың атын ұмытып қала жаздадық. 1 апта болды, әлі келген жоқ. Алғашында қанттың бағасы 125 теңгеден болды. Кейін 135-ке көтерілді. 138-ге дейін барды бағасы. Енді қанттың қашан келетінін білмейміз. Келсе де бағасының көтеріліп келері анық қой.»

Әлеуметтік дүкендердің бірінде ғана емес, бәрінде құмшекер тапшы. Солардың қатарындағы кей дүкендер әкімдікпен жасасқан келісім-шарт бойынша жұмыс жасаудан бас тартыпты. Дүкен иелерінің айтуынша, өнім апталап келмейді және бұл әрекет тұтынушылардың қатарын сейілтіп отыр.

Ажар Тұрғынбаева
Ажар Тұрғынбаева

 

Ажар Тұрғынбаева, дүкен  сатушысы: «Бізде қазір шекер бар. Жеткілікті. Біз оны көтерме бағамен 175 -180 теңгеден сатып алып жатырмыз. Менің пайызым — 20 пайыз. Мен мынау дүкенді жалға алып отырмын. Сондықтан коммуналдық төлемді, салықты — бәрін өзім төлеймін. Құмшекерді 210 теңгеден сатып жатырмыз.»

Құмшекердің тапшылығы бұл жолы сауда орындары мен базарларға да әсер етіпті. Базар сөрелерінен қантты кездестіру мүмкін болмады. Есесіне шекерді іздеп, дүкендер мен базарды кезіп жүрген жерлестеріміздің қарасы қалың.

Дариға Кененбаева, қала тұрғыны: «Кешеден бері келіп жатырмын, құмшекер әлі жоқ. Бүгін түс қайта болады деді. Болса жақсы болар еді, алдында дүкендерде келісін 190 теңгеден сатушы еді.»

Ал «бағаны тұрақтандыруды» қолға алған билік қалыптасқан жағдайды тасымалдау мәселесінен көреді. Айтуларынша, өңірімізде ешқандай қант тапшылығы жоқ. Өйткені арнайы қордағы қант жеткілікті.

Дүкен сөрелерінде құмшекер жоқ
Дүкен сөрелерінде құмшекер жоқ

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Көбісі қант қай уақытқа дейін жетеді деп сұрап жатады. Бұл тұрақтандыру қоры деген — айналым қаржысы.  Қанша қажет болса да жеткілікті. Жылдың соңына дейін қордағы қантпен жұртшылықты  қамтамасыз етуге шамамыз келеді.»

Бұған қоса облыс әкімдігі алдағы күндері де қанттың келісі барлық сауда нүктелерінде 140 теңгеден сатылуын қатаң бақылауға аламыз деп сендірді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz