Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

122
Сапарбек Тұяқбаев
фото tengrinews.kz

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған.  Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, РФ-дағы ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылдың қазан айынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы. 2017 жылғы қарашадан бастап «Kazakh Invest «ҰК»АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.  Өз кезегінде бұған дейін осы позицияны атқарған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.