Оңтүстіктің елеулі азаматтары ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапатталды

316
Салтанатты марапат барысы
Салтанатты марапат барысы
Салтанатты марапат барысы

Бүгін жеңіл атлетика манежінде Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған егемен еліміздің осы жылдар ішінде дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғамның әр саласында елеулі еңбегі бар азаматтар қатысты.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапаттады. Наградталғандардың ішінде алғашгқы болып, облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Әбілқасым Досболов мемлекеттік «Парасат» орденін омырауына тақты.

Әбілқасым Досболов:»Облыс әкімінің арнайы ұсынысымен, еткен еңбектің бағаланғаны деп ойлаймын.Ал екінші жағынан облыстық мәслихаттың елу депутатының атқарған ісі деп ойлаймын.Сол үшін барлықтарыңа жұғысты болсын деймін.Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Осындай көк туымыз желбіреп, қуанышқа жете берейік.Барлық жетістіктің барлығы тәуелсіздіктің арқасында».

Бұдан бөлек, облысымыздың аудан-қалаларында елеулі еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер және өзге де саланың тарландары марапатталды. Бұдан соң салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.