Шымкентте Әлияның ізбасарлары өсіп келеді

249
Әлияның ізбасарлары өзара чемпиондарын анықтады
Әлияның ізбасарлары өзара чемпиондарын анықтады

Әлия Юсупова бастаған қалалық гимнастика мектебінің ашық біріншілігі өтті. Турнирде 120 спортшы сынға түсті. Олардың арасында бес жасар гимнасшылар да бар. Ең қызығы олар жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Сол себепті де қазылар алқасы кішкентай гимнасшылардың қателіктеріне кешірімді қарайды.

Асылжан Баққондықызының жасы небары жетіде. Алайда жерлесіміз Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейде өткен халықаралық жарыста топ жара білген. Ал бүгінгі турнирге оны жай қонақ ретінде шақырған. Өйткені қалалық гимнастика мектебінің біріншілігіне ең жас спортшылар қатысуда.

Муслим Шаназаров, қалалық гимнастика мектебі директорының орынбасары: «Бұл біздің мектептің биылғы маусымдағы соңғы турнирі. Жыл жемісті аяқталды. Оның үстіне келесі жылдан бастап гимнастикада ережелер өзгереді. Енді соған дайындалатын боламыз».

Мектеп директорының жоқтығын білдірмес үшін спорт ордасының ұжымы бұл турнирге жұмыла кіріскен. Бір күн бойында өтетін жарыс келесі жылға жоспар құруға алғашқы баспалдақ деуге де болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wFtJoSduOro[/youtube]